Findyourb -

90. Қасиет Сақиолла: “Бар арманым жұмысыммен байланысты!”

Informações:

Sinopse

Сүйікті кәсіп пен керемет еңбекқорлық қосылғанда ғажайыптар пайда болады. Бұл біздің кейіпкеріміз - Қасиет Сақиолла туралы айтылған нәрсе.    ----more---- Қытайда туып өскен Қасиет бала кезінен сурет салып, анимацияға қызығушылық танытып жүреді. Бір күні Қазақстандық «Аңшы» анимациялық фильмін көріп қалып «мен осылай түсіре алсам - нағыз аниматор болғаным» деп ат басын Қазақстанға бұрады. Қызығы, Қасиет келген жылы астанада алғаш «Анимация» факультеті ашылып, Қасиет тұңғыш түлегі атанады.  Қазір Қасиет 28-де, осы жасқа дейін ол Қазарт киностудиясының негізін қалады. 2020 жылы студияның «Махамбет» толықметрлі фильмінің тұсау кесері өтті. Сонымен қатар Балапан арнасында студияның 9 мультхикаясы балаларға жол тартты. Бұның барлығы отандық анимацияның дамуының көрінісі.  Қасиеттің ендігі арманы - ешқандай шектеусіз толығымен өнерге арналған тың анимациялық жоба жасау. Біздің арманымыз - Қасиеттей дарынды, еңбекқор батырлардың армандары орындалғаны!   Bonus episode: "Алдымызға қойғанның бәрін жей береміз бе